Американдық актер Микки Руни 93 жасында көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 40 жылдардағы американдық кинематографтың жұлдызы Микки Руни 93 жасында көз жұмды, деп хабарлады Agence France-Presse.

Руни 4 мәрте «Оскарға» ұсынылып, киноның дамуына қосқан үлесі үшін 2 рет осы сыйлықты иеленді. Актерлік мансабының ұзақтығы бойынша Гиннесс рекордтар кітабына да енген.