деп хабарлайды Лента.ру сайты. Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, олар қызмет кезінде Саммит өтіп жатқан Картахена қаласындағы жезөкшелерге барған көрінеді.
Құпия қызметтің баспасөз орталығы бұл мәліметтерді жариялаған жоқ, алайда жоққа да шығармай отыр. Олар тек 12 қызметкердің қызметінен босатылғанын, алайда орнына басқалардың қойылғанын және Обаманың қауіпсіздігіне ешқандай кедергі келтірілімегендігін айтқан.
Дегенмен, жұма күні кешке Колумбия астанасы Боготада АҚШ елшілігінің маңында екі шағын жарылыс орын алған. Жапа шеккендер жоқ.
Полицияның болжамынша, ол жарылыстарды солшыл көтерілісішілер АҚШ президентіне қарсылық ретінде ұйымдастыруы мүмкін.