Американдық авиакомпания жол жүру билеттерін енгізуде

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Американдық JetBlue авиакомпаниясы бүгінгі экономикалық дағдарысты еңсеру мақсатында клиенттерді тартудың жаңа әдісін қолға алмақ.


Алдағы күндері  компания   жолаушыларға    бір ай  бойына   күшінде  болатын жол жүру  билеттерін ұсынғалы  отыр,  деп хабарлайды РБК агенттігі.

JetBlue компаниясы  ұшатын  аумақтарда  тұратын    кәнігі  саяхатшыларға     бұл жаңа  ұсыныстың  ұнайтыны  анық.    Компания клиенттері қыркүйектің  8-і мен  қазанның  8-і аралығындағы кезеңде  небәрі 599 долларға    жол жүру билетімен   еш шектеусіз   сапар жасай алады.

Жаңа   қызмет  түрі  күніне 600-ден  астам    ұшу сапары   жасалатын     57   қаланы  қамтитын   болады. Айлық ұшу  билетінің     құнына,   Мексика мен Пуэрто-Рикоға  ұшу сапарларын қоспағанда, барлық салықтар  мен   отын шығындары кіріп  отыр.    Жаңа қызметті    пайдаланғысы келетіндер    тамыздың 21-іне  дейін  өтініш  берулері тиіс.