Американдық әйел Ақ үйге кіруге талпыныс жасады

ВАШИНГТОН. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - 46 жастағы американдық әйел Пэм Морган темір қорғаннан секіріп өтіп, Ақ үйге кірмек болды.

Мемлекет басшысының қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы қызметтің қызметкерлері бірақ әлгі әйелдің аяғын әрі бастырмай, дереу ұстап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Бұл кезде Президент Барак Обама резиденцияның батыс қанатындағы өз кабинетінде отырған. Қолға түскен кезде Морган ханымның қолында дорба болған, бірақ тінту кезінде оның ішінен ешқандай күдікті нәрсе табылмаған. «Дуалдан секіргіш» әйелді, хаттама бойынша, жақын арадағы полиция учаскесіне жеткізіп, оған күзеттегі аумаққа заңсыз кірмек болғаны үшін айып тағылды.