Американдық БАҚ Головкинмен кездесу мүмкіндігі жоғары қарсыластарды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы ежелгі және ең танымал испан тілді La Opinion газеті қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қарсыласы болу мүмкіндігі мол үш спортшыны атады.

Оған үш боксшы кіріп отыр. Бұлар британиялықтар Билли Джо Сондерс пен кіші Крис Юбенк және американдық Дэнниел Джейкобс.