деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
WMUR-TV арнасының хабарлағанындай, Боб Ярач (Bob Jaracz) бірінші жолы - 1,9 миллион, одан кейін миллионнан сәл астам доллар ұтқан. Нашуа қаласында тұратын Ярач апта сайын лотерея билеттерін сатып алатынын айтты.
Ярачтың айтуынша, ол билетті әртүрлі дүкендерден сатып алады және ешқандай белгілі бір жүйесіз «тисе - терекке, тимесе - бұтаққа» деген қағида бойынша толтыратын көрінеді.
Ұтып алған қаражатты қайырымдылыққа және саяхатқа жұмсамақшы.