Фэрфилд университетінің (Калифорния) әйелдер баскетбол командасының бапкері Джо Фрэйджер Boxing Junkie-ке берген сұхбатында боксқа деген қызығушылығы жайлы айтып, өзінің фавориті WBA/IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин екенін жеткізді, деп хабарлады Sports.kz.
- Бүгінгі белсенді боксшылардың ішінде сүйікті спортшыңыз бар ма?
- Қзіргі уақытта сүйікті боксшым Геннадий «Triple G» Головкин. Спортшыда шаршы алаңға қажеттінің барлығы бар. Тамаша панчер, оның бокстағы мүмкіндіктеріне тиісті баға берілмеді. Мен сонымен бірге Канело Альварес пен Деметриус Андраденің фанатымын.
- Үздік белсенді боксшы деп кімді атар едіңіз?
- Геннадий Головкин немесе Роман Гонсалес.
- 2016 жылы қандай жекпе-жекті тамашалағыңыз келеді?
- Головкин - Канело немесе Брук - Хан.