33,45 метрлік аралықтан себетке доп лақтырған Кори Лоу осыған дейін 2011 жылы Пеппердайн университет командасының бұрынғы ойыншысы Элан Буллер орнатқан рекордты (31,9 метр) жаңартты.
07:54, 18 Қараша 2013
Американдық баскетболшы допты алысқа лақтырудан әлемдік рекорд орнатты
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Гиннес Кітабының сарапшылары жаңа әлемдік рекордты тіркеуге алды. Harlem Globetrotters ойыншысы Кори Лоу 33,45 метрлік қашықтықтан себетке допты дәл түсіріп, оның қашықтығы бойынша әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлады The Mirror.