Бұл туралы Reuters хабарлады.
Келеңсіз оқиға Мангейм - Саарбрюккен бағытындағы пойызда болған. Стансадан түскен скрипкашының тек арада бірнеше уақыт өткеннен соң ғана музыкалық аспабын вагонда қалдырғаны есіне түседі. Қыз дереу полицияға хабарласты. Пойыздың кейін қарай Мангеймге аттануына бір минут қалғанда ғана скрипканы табудың сәті түсті, деп жазады lenta.ru.
Бұдан соң бүлінбеген музыкалық аспап сол күйінде иесіне тапсырылды. Полицейлердің айтуынша, оның қуанышында шек болмаған.
Жоғалған скрипка 1727 жылы жасалған, ол General Dupont Grumiaux атауына ие.