Американдық браконьерлерді робот-жануарлардың көмегімен ұстап жатыр

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-та браконьерлерді қолға түсіру үшін аң терісі кигізілген роботтар пайдаланылуда,

деп хабарлады Newsru.

Тап осындай роботтың көмегімен Флорида штатында браконьер ұсталды. Ер адам ол жол жиегіндегі бұғыны көрген сәтте көлігін кілт тоқтатып, мылтығын алған бойы атып жіберген. Қос алақанын ысқылап, олжасын алмаққа жақындай бергенде тасада тығылып тұрған билік өкілдері алдынан шыға келді. Өйткені аң аулау маусымы аяқталғаннан кейін, оның үстіне жол жиегіндегі бұғыны өлтіруге болмайды.

Роботталған жануарлар жұртқа көрінетін жерге қойылады. Олардың қозғалысы басқарылады, ал билік өкілдері жақын маңда аңдып отырады.

Енді Флорида аңшысы жол бойында заңсыз аң аулағаны үшін бір жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.