Американдық ескекті қайықпен жалғыз өзі Атлант мұхитын жүзіп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ньюй-Йорк тұрғыны Виктор Муни ескекті қайықпен жалғыз өзі Атлант мұхитын жүзіп өтті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Кеше сенбі күні оның өкілі хабарлағандай, 4,8 мың шақырымдық бұл жолды Муни 128 күнде еңсерген: ол Африка жағалауының маңындағы Канар аралдарынан 19 ақпанда шыққан, ал жұма күні Кариб теңізіндегі Синт-Мартен аралдарына жетті.

Жүзу кезінде Муни 36 келіге арықтаған. «Қазір менің салмағым 64 келі - алтыншы және жетінші сынып оқушысы сияқтымын», деп әзілдеді ол.

48 жастағы саяхатшы күн сайын сағат таңғы төртте оянып, кешкі сағат 7-ге дейін ескек ескен. Әрбір сағат сайын ол жарты сағаттық үзіліс жасап, күш-қуатын қалпына келтіріп отырған.

«Мұхит көбіне мазасыз болды. Кейде мен 15 шақырым жүзіп, ұйықтауғаа жаттым, таңертең тұрсам, мұхит мені 25 шақырымға кейін ысырып тастаған», - деді Муни.

Қайықта азық-түліктің аздаған қоры болған, бірақ ол жолда балық аулап, талғажау еткен.

Оның айтуынша, саяхат кезіндегі ең қорқыныштысы, бірде оған акула шабуыл жасап, қайығын тістеген. Дегенмен Муни акуланы қуып тастап, сол бойда шапшаңдатып, қайығының тесгін жамаған.

Саяхатшы бұл сапарға жұртшылықты СПИД проблемасына аударуды мақсат тұтқан, өйткені оның ағасы 1983 жылы осы дерттен көз жұмыпты.

Муни бұдан әрі Британдық Виргин аралдарына дейін жүзіп барып, одан әрі тағы 2,9 мың шақырым жол жүріп, Нью-Йоркке жетпек. Енді ол бұдан былай мұндай сапарға шықпауға бекініп отыр.

Виктор Мунидің бұл Атлантиканы ескекпен жүзіп шығуға ұмтылған алғашқы сапары емес. Алғашқы үш әрекеті сәтсіз аяқталды. 2006 жылы оның қолдан жасалған ағаш қайығы саяхат басталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң суға батып кетті. 3 жылдан кейін одан гөрі берік қайықпен шықты, ол жолы су тұщытатын приборы істен шығып қалды. 2011 жылы саяхатшының қайығы сыр беріп, екі апта бойы ашық мұхитта құтқару салында болды.