деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Альфред Нобельдің өсиетінде экономика жөніндегі сыйлық айтылмаған. Оны едәуір кейінірек - 1968 жылы швед Мемлекеттік банкі оның 300 жылдығына орай тағайындады. Содан бері аталған банк жыл сайын бір Нобель сыйлығына тең қаржыны - 10 миллион швед кронасын (бір миллион еуроға жуық) аударып тұрады. Осы сыйлықтың бүкіл тарихында бұл атаққа әйел ғалым ие болды.
Экономика саласындағы лауреаттар жариялануымен қазанның 5-інде басталған осы беделді наградамен марапаттаудың дәстүрлі Нобельдік аптасы аяқталды.