Пенсильвания университетінің зерттеушілері осындай пікірге келді. Ғалымдар адамдардың және тышқандардың фолликулдарын зерттеп, тәжірибе жасады. Мамандар ағзада простагландин протейнінің деңгейі жоғары зертханалық тышқанарды өсіріп шығарды. Қорытындысында бұл жәндіктердің жүні өспей қалды. Кеміргіштерге адамдар шашы отырғызылып, простагландин жібергенде де ол осындай нәтиже берді.
Бұл тәжірибе шаш фолликулдері жасушыларында простагландин деңгейі көп болу шаш өспей, тақырлануға соқтыратынын дәлелдеді. Зерттеуге басшылық жасаған профессор Джордж Коцарелис: «Біз ер адамдардың бас терісінің тақырланған жерлеріндегі тері жасушаларында простагландин деңгейі жоғары екенін анықтадық, ол шаштың өсуіне кедергі жасайды. Сөйтіп, енді біз бастың тақырлануымен қалай күресу қажеттігін таптық», - деді.
Американдық зерттеушілердің ғылыми жұмыстарының нәтижелері бойынша дәрі жасау ісі қолға алынды. Ғалымдар шығарылатын препараттарды бас терісіне жағу бастың тақырлануын тоқтатып, шаштың қайтадан өсуіне жәрдемдеседі деген үмітте. Ер адамдардың көпшілігі орта жастан бастап қасқабасқа айналады, ал 70 жасқа қарай олардың көпшілігінде бастың едәуір қасқалануы байқалады.