АҚШ-тың тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған халықаралық байқауда Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласының 32 жастағы тұрғыны шұжық қосылған 70 бәлішті 10 минутта жеп тауысқан, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл жолы Дж.Честнат байқаудың былтырғы чемпионын - Сан-Хосе қаласының тұрғыны Мэтт Стоуниді басып озды. «Жақсүйек» атымен танымал Джоуи Честнат маусым айындағы іріктеу кезеңінде 73 жарым хот-дог жеп, әлемдік рекордты жаңартқан болатын.