Олардың арасында - актер Хэл Нидэм, деректі фильмдер түсіруші Ди-Эй Пиннебейкер және кино қайраткері Джордж Стивенс бар.
DreamWorks Animation студиясының кинопродюсері мен бас директоры Джеффри Катценбергке өнердегі ізгілік принциптерін қорғағаны үшін Джин Хершолт атындағы жүлде бұйырды. Жүлде иегерлерінің құрметіне арналған салтанатты кешкі ас «Оскардың» басты сыйлықтары таратылуының аясынан тыс Беверли-Хиллзта өтеді. «Оскар» жүлделерін тапсыру осындай форматта төртінші рет өткізілуде.
2013 жылдың ақпанында өтетін негізгі рәсімде қонақтар мен телекөрермендер қазіргі құрметті жүлделердің лауреаттары туралы бейнесюжеттерді тамашалай алады.