деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Салтанатты шара Лос-Анджелестің Беверли-Хиллз ауданындағы Самуэл Голдуин театрында өтеді. Алтын мүсінге номинанттар тізімін Академия президенті Бун Айзекс пен актер Крис Хемсворт жариялайды.
Сарапшылардың болжамы бойынша, таңдаулы бес-он фильмге берілетін «ең үздік фильм» аталымына режиссер Стив Маккуиннің шынайы оқиғаға негізделген «12 жыл құлдықтағы өмір» атты киносы енеді. Шығарма өзегіне Нью-Йоркте ХІХ ғасыр ортасында өмір сүрген афроамерикандық Соломон Нортаптың мемуары алынған. Лузиана штатындағы плантацияда жұмыс істету үшін күтпеген жерден құлдыққа сатылған ол тек 12 жылдан соң ғана басына бостандық ала алады. Бұл фильм «ең үздік драмалық фильм» аталымы бойынша кино сыншыларының жоғары бағасына және «Алтын глобус» сыйлығына ие болған.
Тізімге сондай-ақ Голливудта аккредиттелген шетелдік журналистер қауымдастығының ұйғарымымен «Алтын глобусты» иеленуге лайық деп табылған Альфонсо Куаронның «Гравитация» фильмі де кірмек.