Элтон қаласының 29 жасар тұрғынының айтуынша, ол өз ұтысын бөліп төлеу келісімімен алған машинасы үшін 1 мың доллар қарызынан құтылуға, коммуналдық қызмет үшін есепшотын төлеуге, сондай-ақ өзінің үш баласымен және құрбысының екі баласымен Флорида штатындағы «Диснейлендке» баруға жұмсамақ.
Бақытты билетін жолы болғыш жігіт, өзі жұмыс істейтін Маршалл қаласындағы дүкенде, ұтыс ойналатын күні - сәуірдің 21-інде 5 долларға сатып алған екен. Джек-потты ұтып алу үшін Шо алты ұтыс нөмірін дұрыс таба алып, оған қоса қосымша шардың да ұтыстық нөмірін атап берген.