Американдық М.Франклин 100 метрге шалқалай жүзуде Олимпиада чемпионы атанды
09:13, 31 Шілде 2012
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Американдық Мелисса Франклин 100 метрге шалқалай жүзуде Олимпиада чемпионы атанды.
Ол ақтық жарыста аталған қашықтықты 58,33 секундта жүзіп өтті
1995 жылы дүниеге келген ол жастығына қарамастан үш дүркін әлем чемпионы атанған. Ал өткен жылы Шанхайда өткен әлем біріншілігінде үш алтынды еншіледі.