Американдық Миссисипи штатының оңтүстігіне қуатты торнадо ауыз салды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Американдық Миссисипи штатының оңтүстігіне торнадо ауыз салды, деп хабарлады Утро.ру.

Дауыл нөсер жаңбыр ала келді. Желдің жылдамдығы секундына 22 метрге жетті. Табиғи апат салдарынан Пиквик қаласында бес адам жарақат алды. Қазіргі кезде торнадо көршілес Луизиана штатына қарай жылжып барады. Миссисипидің оңтүстік округтерінің тұрғындарына дауылдан қауіпсіз жерде қорғана тұру ұсынылды.

Метерологтар дауыл жергіікті уақытпен сағат 23-00-ке дейін созылады деп санайды.