Американдық Ребекка Сони Лондондағы Олимпиадада 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден әлем рекордын жаңартты
08:44, 02 Тамыз 2012
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Американдық Ребекка Сони Лондондағы Олимпиадада 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден әлем рекордын жаңартты.
Спортшы жартылай финалда 2 минут 20 секундтық көрсеткішті көрсетті. Бұл олимпиадалық жетістікпен қатар жаңа әлем рекорды болды. Бұған дейін ең үздік нәтижені канадалық спортшыАннамэй Пирс 2009 жылы Римде орнатқан болатын.