Американдық «The Exchange» тобының Астанадағы шоуы аса әсерлі болды
03:35, 31 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толуына арналған шаралар өткізуде.
Бұл шаралар негізінен: инновация, достық және әріптестік тақырыптарын қамтып отыр.
Осынау атаулы күнге орай Астанада АҚШ елшілігінің American Music Abroad» бағдарламасы бойынша қаржылай қолдауымен американдық «The Exchange» тобы өнер көрсетті. Сондай-ақ бұл концертке қазақстандық әртістер: «Акапелло Априори» тобы, қобызшы Ләйлә Тәжибаева және әнші Ардана ( Артемис тобы) қатысты.
Өнер кеші Бейбітшілік және келісім сарайында болды.