Американдық төрт айда лотереядан 2 рет ұтты

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Каролина штаты Рок-Хилл қаласының тұрғыны соңғы төрт айдың ішінде лотереядан 200 мың доллардан 2 рет ұтысқа ие болды.

Аты-жөні жария етілмеген азамат бақытты билеттерді ара қашықтығы шамамен 1 миля болатын дүкендерден сатып алған.

Американдық The Color of Money (құны - $10) лездік лотереясының алғашқы ұтысты билетін қыркүйек айында сатып алған, деп жазады The Herald газеті. Ал келесі 200 мың долларды осыдан бірнеше күн бұрын ғана сатып алған билеті әкелді.

400 мың доллар иегерінің атап өтуінше, ол алғашқы ұтыс ақшаны балаларына білім беруге жұмсаса, екіншісін зейнетақы жинағының негізі жасамақ.