Барлығы екі зымыран атылды. Ондаған адам жарақат алды. Сонымен қатар, жергілікті шенеуніктің айтуынша 50 адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Оқиға осы күні мұның алдында американдық ұшқыш басқармайтын ұшақтың зымырандық атқылауы салдарында қаза тапқандарды жерлеуге жиналған кезінде Оңтүстік Уәзірстанда орын алды. Бұл аумақта Байтулла Мехсуд басшылық ететін пәкістандық тәліптердің базалары орналасқан.