Американдық жаттықтырушы Головкинді «Шығыстан шыққан аң» деп атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аризонаның жаттықтырушысы Джон Гонсалес өзінің инстаграмында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО), ресейлік Сергей Ковалёв (30-1-1, 26 КО) және украиндық Василий Ломаченко (7-1, 5 КО), бейнеленген фотоларды жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшылардың өздерінің ұлттық жалаулары аясында түсірілген фотографияларына Гонсалес «Шығыстан шыққан аңдар»,-деп жазып қойған.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин рингке 18 наурызда оралады және Нью-Йорктегі  Madison Square Garden  аренасында  американдық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) айқасады.