Американдықтар Барак Обама мен Хиллари Клинтонды әлемдегі ең беделді адамдар деп таниды

None
АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Американдықтардың пікірінше, өтіп бара жатқан жылы әлемдегі құрметті адам болып АҚШ президенті Барак Обама саналады.

Ал ең беделді әйел ретінде елдің ішкі саяси ведомствосын басқарған Хиллари Клинтон танылды. Мұндай нәтиже Гэллап Зерттеу қызметі жүргізген сауалнама барысында белгілі болды.

АҚШ азаматтары болып табылмайтын адамдардың ішінде сауалнама барысында әлемнің ең беделділерінің бірі ретінде 16 жасар құқық қорғаушы қыз Малала Юсуфзаидің есімі аталды. Бұл тізімде ГФР канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ, Кембридж герцогинясы Кейттің есімі бар. Бұл рейтингте ресейліктер жоқ, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.