Американдықтар өкімет акциясы бойынша 800 мың жаңа автомашина сатып алды

АСТАНА.  Тамыздың  25-і. ҚазАқпарат - Құрама Штаттарда «Ескі  машиналар  сатып  аламыз»  деген  ұранмен    үлкен   шара  өтті.


Бір айға дерлік созылған   бұл     акция барысында американдықтар    өздерінің  көп бензин тұтынатын    ескі  көліктерін    сатып,   3,5   мыңнан 4,5 мың   долларға  дейінгі  соманың чек қағаздарын  алды,  деп хабарлайды   «Маяк»  радиостансасы.   Бұл ақшаға    олар   жаңа,   бензинді аз   жағатын   көлік  сатып  ала алады.

 АҚШ   көлік министрінің айтуынша,  бұл  бағдарлама «күтпеген табыс  әкеліп»,    автоөндірушілерді де пайдаға батырды.    Акция барысында  800 мың жаңа машина сатылған.