Бұл қорытынды 2007 жылғы мәліметтердің негізінде жасалған.
Денсаулық сақтау саласында статистиканың ұлттық орталығынан хабарлағандай, американдықтардың орташа өмір ұзақтығы 78 жасқа жетіп отыр. Дейтұрғанмен, осы көрсеткіш бойынша да АҚШ дамыған басқа 30 елден кейін келеді. Мысалы, жапондықтар орта есеппен 83 жасқа дейін өмір сүреді екен.
Мамандар сонымен бірге, сегізінші жыл қатарынан елде өлім-жітімнің біртіндеп қысқарып келе жатқанын айтуда. 2007 жылы бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 760 фактіні құраған. АҚШ-та адам өлімінің жартысына жуығының себебін - жүрек аурулары мен қатерлі ісік аурулары құрап отыр.