Американдықтар өткен жылы Ресейден 1000-нан астам бала асырап алды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Американдықтар өткен жылы Ресейден 1000-нан астам бала асырап алды, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баяндамасында айтылған. Ресей американдықтар асырап алған бала саны жөнінен үшінші орын алып отыр. Оның алдында Қытай (3 401) және Эфиопия (2 513) келеді. Жыл ішінде АҚШ өкімет орындары елге болашақ ата-аналары алып келуге ниет білдірген балаларға 11 мың иммиграциялық виза берді.