Американдықтар Усама бен Ладеннің ұлын өлтірді

АСТАНА.  Шілденің  23-і. ҚазАқпарат  -   Зымыран шабуылының  нәтижесінде Пәкістанда Усама бен Ладеннің  ұлы Саад өлтірілді.

 Бұл туралы  американдық барлаудың  өкілдеріне сілтеме  жасап Reuters  агенттігі  хабарлауда.

 АҚШ-тағылар бұл оқиғаның  нақты қашан болғанын   айтпай  отыр.   Саад бен Ладеннің біраз уақыт бойы     үйқамақта отырған  Ираннан  қаңтар айында  кеткені   ғана мәлім.   Көптен бері  оның  жүрген  жері    белгісіз болған,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат   РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

 Барлау  өкілдерінің айтуынша,  Саад бен Ладен  анау айтқандай маңызды  тұлға  болмаған,     американ қолбасшылығы  оның көзін жоюды   мақсат етпеген.    «Тек  ол  жүрмейтін жерде  жүрген»,  дейді  әскерилер.

 №1 лаңкестіктің  ұлының  «Әл-Кайедаға» мүше  болғаны   мәлім,  бірақ  ол    лаңкестік  желінің   басшылығында болмаған.   Тунис өкіметі     оның  2002   жылы Жербеде  болған  синагога жарылысына  қатысы  болған  деп  күдігі  бар.

 Американ  әскерилерінің  Пәкістанның таулы аудандарында  «Әл-Кайеда» мен  «Талибан»   жасақтарының  көздерін жою үшін   басқарылатын   оқтұмсықтарды  қолдана бастағанына  жарты жылдан  астам  уақыт болды.   Өткен  жылдың  қыркүйек  айынан бері   осындай әдіспен   470 адамның көзі жойылған,  олардың  қатарында шетелдік  жалдамалылар да бар.

 Бірақ та,   халықаралық   құқық  қорғаушы  ұйымдар   шабуылдар  кезінде бейбіт халықтың  да көп   қаза табатындығын  айтып, АҚШ-ты айыптауда және  Вашингтонды  операцияларды   жалғастырудан бас тартуға  шақыруда.