Американдықтардың жартысы Барак Обаманың саясатына риза емес

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Американдықтардың тең жартысынан астамы ел президенті Барак Обаманың саясатына риза болмай отыр, деп хабарлайды РТР-Вести.Ru басылымы.

Ipsos агенттігі жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, респонденттердің 45 пайызы - Обаманы қолдаса, 52,62 пайызы - АҚШ-тың бұрыс жолмен кетіп жатқанын сеніммен айтқан.