ВВС хабарлағандай, Делавэрде, Мэрилендте, Вирджинияда, Нью-Джерсиде, Нью-Йоркте және Солтүстік Каролинада ТЖ режимі жарияланды.
«Айрин» дауылы қауiптіліктің үшiншi дәрежесiне ие. Жел күші сағатына 185 шақырымға жетедi. Дауыл Багам аралынан ауып, Америка құрылығының Шығыс жағалауына жылжып келе жатыр.
Делавэрде, Мэрилендте, Нью-Джерсиде және Солтүстік Каролинада балаларды көшіру жұмыстары жүргізілді. Шараға АҚШ президенті Барак Обама қатысуы тиіс болатын.
Вашингтонда тропикалық теңiз дауылына байланысты жексенбіге белгіленген Мартин Лютер Кинг мемориалының ашылу рәсімі кейінге қалдырылды.
Апат аймағында 65 млн адам қалуы мүмкін. Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг тұрғындардан «Айрин» соққысына дайын болуларын өтінді, деп хабарлайды Euronews.