10:34, 04 Сәуір 2009
Американың иммиграциялық орталығындағы қанды қырғын ? 14 адам қаза тапты
НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат - Құрама Штаттарда тағы бір қанды қырғын орын алды.
Қаруланған бір ер азамат Бингемтон қаласының (Нью-Йорк штаты) иммиграциялық орталығы ғимаратында 40 адамды кепілге алған. Оқиға орнын арнаулы жасақ пен полиция қызметкерлері дереу қоршауға алып, жақын маңдағы ғимараттардағы адамдарды көшіреді. Кейіннен келіп түскен ақпараттар бойынша, кепілге алынғандардың 21-і - құтқарылған, бірақ қылмыскер 13 адамды өлтіріп үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Қаза болғандардың қатары әлі де толығу ықтималдығы жоққа шығарылмайды, себебі ауыр жарақат алған бірнеше адам бар. Куәгерлердің айтуынша, қанішер винтовкамен қаруланған келбеті азиялыққа келетін жас жігіт. Арнаулы жасақтың операциясы кезінде ол өзін-өзі атып үлгерген.