Жақында АҚШ армиясының Ауғанстандағы әрекеттері туралы 77 мыңдай құпия материалдардың «Викиликс» интернет-порталына шығып кеткенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Сайтта Вашингтон бастаған коалиция жүргізіп жатқан соғыс туралы баяндайтын біраз маңызды құпиялар жария болған. Ол мәліметтердің ішінде - бейбіт халықтың көптеп қырылуы, пәкістандық арнайы қызметтердің «Талибан» қозғалысын қолдап отырғаны туралы мәліметтер, сондай-ақ тәлібтердің батыс коалициясының авиациясына қарсы «жер-ауа» зымырандарын қолдану фактілері келтіріледі.
Айта кететін жайт, "Викиликс" интернет сайты «ауғандық досьедегі» тағы бірнеше мың құпия құжатты жарияламақ.