Амир Хан 2018 жылғы наурызда боксқа қайта оралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан бұрынғы әлем чемпионы британдық Амир Хан 2018 жылдың наурызында боксқа қайта оралатындығын мәлімдеді.

Экс-чемпион алғашқы айқасын Ұлыбританияда өткізуді көздеп отыр, деп жазды sports.ru .

Соңғы кездері Хан өз уақытын жунглидегі «Мен әйгілімін... Мені бұл жерден алып кетіңдер» телешоуының түсіріліміне қатысумен өткізуде.

«Мен наурызда  айқасуға бел будым. Мен жунгиде күн сайын жаттығудамын. Осы бағдарламаға қатысқаныма қуаныштымын, бұл мен үшін қайта оңалуыма ықпал етті. Мен өз-өзіме келдім. Енді Ұлыбританияда өнер көрсеткім келеді. Уақыт келді деген ойдамын», - деді Амир.

 Еске сала кетсек, Хан соңғы жекпе-жегін 2016 жылы наурызда өткізген еді. Бұл айқаста оны Сауль Альварес алтыншы раундта нокаутқа түсірген болатын.