АСТАНА. ҚазАқпарат - «Амир Хан-Мэнни Пакьяо» жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы британиялық Амир Хан орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы 38 жастағы Мэнни Пакьяомен жұдырықтасатынын мәлімдеді.
Амир Хан «Менің командам Мэнни Пакьяоның ұжымымен жекпе-жекке келісімге келді», - деп жазады өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Сондай-ақ, ол жекпе-жектің 23 сәуір күні өтетінін де жариялады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.