Амир Хан Риодағы Олимпиадада Пәкістанның намысын қорғауға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Амир Хан (31-4, 19 КО) Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Пәкістанның намысын қорғауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады boxingnews24.com. Бұл AIBA кәсіпқой боксшылар үшін шектеуден бас тартқан соң мүмкін болды, деп жазды vesti.kz.

2004 жылғы Олимпиадада Ұлыбританияның намысын қорғаған Хан күміс медальға ие болған.

«AIBA шешімін қолдаймын, - деді Хан. - Егер ережелер мен промоутер рұқсат берсе, Олимпиадада Пәкістанның намысын қорғағым келеді. Пәкістан үшін қызмет еткім келеді».

Ханның Ойындарға қатысу шешімін оның промоутерлері мен Пәкістан бокс  Федерациясы бірлесіп қабылдайды. Бұл боксшының британиялық жанкүйерлері арасында наразылық тудыруы мүмкін.