Әміржан Қосанов Ақсу қаласының халқымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов Павлодар облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әміржан Қосанов Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті.

Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы жан-жақты талқыланды. Үміткер түрлі өзекті қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізді. Штаб өкілдері өңірлік үгіт-насихат жұмысы жөнінде баяндап берді.

Жұртшылық өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.