Әміржан Қосанов штабы елорда іргесіндегі Қоянды ауылында кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың республикалық сайлауалды штабының мүшелері елорда іргесіндегі Қоянды ауылында жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Кездесуді республикалық штаб жетекшісі Дәурен Бабамұратов жүргізіп отырды. Штаб өкілдері халықпен кездесуде үміткердің сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, құжаттың негізгі бағыттарына тоқталды.

Жиын барысында сенімді өкілдер тұрғындарды толғантқан сұрақтарға жауап берді.

Еске сала кетейік, алдағы 9 маусым күні өтетін президент сайлауына 7 кандидат қатысып жатыр.