Серіктестік Қазақстанның жетекші мұнай-химиялық кәсіпорындарының бірі саналады.
Кездесудің модераторы - облыстық штаб бастығы Ғалымжан Өтебаев болды. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырып, кандидаттың түрлі мәселеге көзқарасы жайлы баяндап берді.
Еске сала кетейік, 11 мамыр күні сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталған болатын. ҚР Президенттігіне үміткер ретінде 4 кандидат тіркелді. Бүгінде кандидаттар өңір-өңірлерді аралап, үгіт-насихат шараларын белсенді жүргізуде.