Амманда К.Мәсімов Иордания Премьері Самир әл-Рифаимен және Король Абдалла ІІ-мен екі елдің экономикалық ынтымақтастығының келешегін талқылайды

None
СТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Иордания Хашимит Корольдігінің астанасы - Амман қаласына келді.

Сапар барысында Иорданияның Премьер-Министрі Самир әл-Рифаимен және Иордания Королі Абдалла ІІ-мен кездесулер жоспарланған, деп хабарлады ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі. Кездесу кезінде екіжақты қазақстан-иордан сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту келешегі талқыланатын болады.