Амманда көшпенділер стиліндегі қазақ павильоны көпшілікті қызықтырды
Жәрмеңке халықтардың мәдениеті мен өнерін біріктіру, қайырымдылық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Аммандағы қазақстандық павильон көшпенділер стилімен рәсімделген.
«Қазақстан Елшілігі шараға белсенді түрде қатыса отырып, өздерінің әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын берік ұстанатындығын көрсетіп отыр», - деді Елші Азамат Бердібаев.
Қазақтың кигіз күйі стиліндегі павильон Иорданияның Басма бинт Талал ханшайымын қатты қызықтырды. Ханшайым қазақ павильонына бас сұғып, қазақы дастарханнан дәм татты, қасиетті қара домбырадан шыққан әуенді тыңдады.
Айта кету керек, шарада кигіз үй стиліндегі қазақ павильонына келушілер көп болды. Сауд Арабиясынан жекелей келушілер қазақ кигіз үйін сатып алғысы келетіндіктерін білдіріп жатты.