Өткен жылы 1032 өлім жазасы үкімі орындалса, одан бір жыл бұрын 1634 адам өлім жазасына кесілген. Өлім жазасы бірінші кезекте Иран мен Пәкістанда төмендеген.
Есепте Қытай ескерілмеді, себебі ол елдегі өлім жазасы саны туралы нақты дерек жоқ. ҚХР-да басқа елдерге қарағанда көп адам өлім жазасына кесілген деп болжанады.
Алғаш рет 2006 жылдан бастап өлім жазасын азайтқан елдердің бестігіне АҚШ түсті. Қазір өлім жазасын көп пайдаланатын елдер Қытай, Иран (567), Сауд Арабиясы (154), Ирак (88) және Пәкістан (87).