Құқық қорғау ұйымының 296 беттен тұратын баяндамасы «Израильдің Газа секторындағы палестиналықтарға қарсы геноциді» деп аталады. Онда Израильдің қазіргі әрекетін палестиналық Хамас тобының 2023 жылдың 7 қазанында жасаған шабуылымен ақтауға болмайтыны жазылған.
Amnesty International АҚШ пен Израильдің басқа одақтастарының геноцидке қатысы болуы мүмкін екенін айтып, оларды қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды.
- Біздің тұжырымдар халықаралық қоғамдастықты оятып, бұның геноцид екендігін дәлелдеу қажет. Сондықтан оны дереу тоқтату керек, - деді Amnesty International басшысы Аньес Калламар.
Израиль геноцид туралы айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды.
- Amnesty International ұйымы тағы да жалған есеп берді. Өткен жылдың 7 қазанында геноцидтік қырғынды Хамас лаңкестік ұйымы біздің азаматтарға қарсы жасады. Содан бері Израиль халқын күн сайын жеті түрлі майдан шебінен шабуыл жасалады. Израиль халықаралық құқыққа сәйкес бұл шабуылдардан өзін қорғайды, - деп хабарлады елдің Сыртқы істер министрлігінен.
Осыған дейін Израильдің бұрынғы министрі Газадағы қылмыстарға өз елін айыптағаны туралы жазған едік.