Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында ОАР-да мыңдаған адам өлтіріліп, шамамен миллионға жуық азамат баспаналарын тастап, бас сауғалап кеткен болатын.
Ал құқық қорғаушылардың жария еткен құжатында елдегі дағдарысқа жауапты адамдардың аттары аталған. Бұл тізімге христиан және мұсылман содырлар тобының бірқатар көшбасшылары, саясаткерлер, сонымен қатар елдің бұрынғы президенттері Француа Бозизе мен Мишель Джотодия да кіріп отыр.