«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры болып Ғалымжан Амантурлин тағайындалды. «АМӨЗ» ЖШС басқарма құрамы: Ғалымжан Амантурлин - басқарма төрағасы; Денис Козырев - өндіріс бойынша бас директордың орынбасары - бас инженер, басқарма мүшесі; Нұрлан Кейкин - даму және жаңғырту бойынша бас директордың орынбасары, басқарма мүшесі; Нұрлан Шәңгереев - маркетинг бойынша бас директордың орынбасары, басқарма мүшесі; Равиль Рафиков - экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, басқарма мүшесі; Руслан Айсин - әкімшілік және бақылау-құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор, басқарма мүшесі», - деп хабарлады АМӨЗ қоғаммен байланыс бөлімі.
Зауыттың бұрынғы бас директоры Қайрат Оразбаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ орталық аппаратына, Модернизация департаментінің директоры лауазымына ауысады және Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауытын қайта құру үшін жауапты болады.