АМӨЗ-дің бұрынғы бас директорына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Фото: anpz.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM —  Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты істі бірінші сатыда қарады. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу органы Досмұратовты қызметіне салғырт қарады деп айыптаған болатын. Прокурор сот жарыссөзінде айыптауды қолдаудан бас тартып, сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ екенін атап өтті.

ҚПК-нің 35-бабы бойынша, прокурор айыптаудан бас тартқан жағдайда іс тоқтатылады. Осыған сәйкес, Досмұратовқа қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан қысқартылды. Оған келтірілген зиянды өтеу және оңалту құқығы түсіндірілді.

Айта кетелік Атырау мұнай өңдеу зауытында иіс шығаратын мұнайтұтқыш нысаны жойылғаны туралы жазған едік