Тергеу органы Досмұратовты қызметіне салғырт қарады деп айыптаған болатын. Прокурор сот жарыссөзінде айыптауды қолдаудан бас тартып, сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ екенін атап өтті.
ҚПК-нің 35-бабы бойынша, прокурор айыптаудан бас тартқан жағдайда іс тоқтатылады. Осыған сәйкес, Досмұратовқа қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан қысқартылды. Оған келтірілген зиянды өтеу және оңалту құқығы түсіндірілді.
Айта кетелік Атырау мұнай өңдеу зауытында иіс шығаратын мұнайтұтқыш нысаны жойылғаны туралы жазған едік.