Қазақстандық Әмір Омарханов 18 жас және соған дейінгі жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Әмір 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді.
Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға бір-ақ шықты. Сол секілді Виталий Зацепин – 85 ( 71), Ильяс Маратұлы – 150 ( 93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға ( 105) жоғарылады.
Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, 15) жақындады. Сондай-ақ Айя Нұпбай – 168 ( 49), Полина Слепцова 176-сатыға ( 52) орнықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Жаңа Зеландиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Недовесов Брисбен турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Елена Рыбакина жылдың алғашқы жарысын жеңіспен бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).