АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 19-орында тұрған Әмір Омарханов бірінші санаттағы Мерида (Мексика) ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаерттің мысын басты.
Екі сет те 6:3, 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді.
Әмір Омарханов финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлемнің экс 1-ракеткасы допинг дауына іліккенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жартылай финалына өтті.
Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Ивана Себестовамен бірге Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің жартылай финалында тартысты матчта нидерландылықтар Лус Эбелинг Конинг – Сара Ван Эмстке жол берді – 6:1, 5:7, 7:10.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).