Әмір Омарханов Тунистегі турнирде бас жүлде үшін таласады

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің финалына шықты.

Әлемдік рейтингіде 1115-орында тұрған қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 776-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы, 18 жастағы германиялық Мика Петковичпен кездесті.

Бірінші сетте Әмір айқын басымдылық көрсетті — 6:2.

Екінші сетте де сол қарқынынан жаңылған жоқ — 6:2.

Әмір Омарханов финалда әлемнің 824-ракеткасы, тағы бір германиялық, 18 жастағы Макс Шенхауспен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 1110-сатыдағы Ченг Донгты ойсырата ұтты — 6:2, 6:0.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әмір Омархановтың Тунистегі турнирдің жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисші Дубайдағы жарыстың финалына дейін жетті.